«Белдеу және жол» бағыты бойынша: Сианнан Алматыға жолаушылар пойызы іске қосылады

Фото: “Жолаушылар тасымалы”АҚ

Жұмыс кездесуі барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселелерін “ҚТЖ “ҰК” АҚ, “Жолаушылар тасымалы” АҚ және Сиань қаласы үкіметінің (ҚХР) делегациялары талқылады, деп хабарлайды Phoenix 24. “Жолаушылар тасымалы” АҚ хабарлағандай, туристік пойыздың жүруі “Үрімші-Алматы-2″қатынасымен №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылады. Алматы-2 станциясында құрам бірнеше күн болады.

  Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында Мәдени іс-шараларды ұйымдастыруда қауіпсіздік шараларын және көмекті қамтамасыз етеді, деп хабарлады тасымалдаушының баспасөз қызметі.

 

By admin