Glovo негізін құрушылардың бірі Алматы облысындағы Shamal 2024-ке қатысады

Byadmin

Шіл 3, 2024 #Shamal 2024

2024 жылғы 24-28 шілде – Алматы облысының табиғаты көркем жерлерінің бірінде жыл сайынғы бизнес-нетворкинг өтеді, жабайы табиғат аясында ұйымдастырылып, бүкіл әлем бойынша кәсіпкерлердің басын біріктіріп отырған бұл шара осымен 4 жыл қатарынан өтпек. Бес күнге созылатын бұл шара қатысушыларға өз инфрақұрылымы бар шағын қалашықтар тұрғызып, бизнесті дамытуға және көшбасшылық ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталған түрлі тақырыптық шараларға қатысуға мүмкіндік береді, Phoenix 24 жібереді.

Invest Day және Glovo қолдауы

26 шілде күні Shamal бизнес-шарасында испандық Glovo стартапының қолдауымен Invest Day өтеді. Бұл күні Glovo компаниясының негізін құрушылардың бірі Саша Мишо компанияның кейсі және алғашқы инвестицияларды тарту туралы әңгімелеп береді. Бұл шара IT нарығының стартаперлері мен қатысушыларына табысты компанияны құру және дамудың бастапқы сатыларында инвестицияларды тарту әдістері жөнінде осындай табысты компанияны құрушының өз аузынан естуге бірегей мүмкіндік береді.  Айтпақшы, биыл компания Қазақстан нарығына кіргеніне бес жыл толған мерейтойын атап өтпекші.

Shamal тарихы мен дамуы

Алғашқыда жоба қырғызстандық кәсіпкерлердің басын біріктіру мақсатымен ұйымдастырылған болатын. Уақыт өте келе бұл жоба Қазақстанның және бүкіл Орта Азияның кәсіпкерлеріне арналған платформаға айналды. Бүгінгі таңда Shamal жыл өткен сайын дамып, өсіп, көптеген елдерден келген қатысушыларды тартатын халықаралық қоғамдастыққа айналған. 2024 жылы Shamal шарасына 30-дан астам халықаралық спикер қатысатын болады, олардың ішінде Glovo вице-президенті және негізін құрушылардың бірі Саша Мишо, әйгілі бизнесмен және ҚазАтомӨнеркәсіп экс-басшысы Мұхтар Жәкішев, сериялық tech-кәсіпкер және венчурлық инвестор Мұрат Әбдірахманов, InDrive компаниясының негізін құрушы Арсен Томский және т.б. осы секілді танымал тұлғалар бар.

Shamal 2024 арнайы шақырылған қонағы – Илон Маск

Shamal 2024 көптен күткен қонақтарының бірі Илон Маск болып табылады. Оның автобиографиясының құрметіне ұйымдастырушылар командасы қысқаметражды мюзикл жасауды ұйғарды. Бұл осы шараның шарықтау шегі болады. Илон Маскты  Shamal-ға шақыру идеясы үш жыл бойы ойластырылды. Мюзиклдың сценарийі егжей-тегжей қарастырылған. Ол Масктың өмірінің ең маңызды сәттерінен тұратын 15 эпизодтан құрылған.

Мюзиклдың ресми анонсы 10 маусым күні «Ол берілмеді» эпизодының жабық көрсетілімінде жасалды. Эпизод YouTube платформасында жарияланған, кез келген қалаған адам оны көріп, команданың жұмысына баға бере алады.

«Тар жол, тайғақтан жұлдыздарға қарай» мюзиклының «Ол берілмеді» эпизоды YouTube платформасында: https://youtu.be/swB47laHmQI?si=5zV4v0GTadH12iZ1

Shamal 2024 барлық қатысушылар үшін естен кетпес оқиға болмақ. Бес күндік формат, қанық мазмұнды бағдарлама және әйгілі тұлғалардың қатысуы бизнесті дамыту және тәжірибемен алмасу үшін бірегей атмосфера құрмақ. Алматы облысы бүкіл әлемнің кәсіпкерлері мен көшбасшыларын тарта отырып, қайтадан халықаралық бизнес-нетворкингтің орталығына айналмақ.

By admin