Қазақстанның әскери қызметшілері ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатысу үшін Қырғызстанға келді

Фото: gov.kz

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының оқу-жаттығулары «Эдельвейс» полигонында өтеді. Олар «Өзара іс-қимыл-2024», «Іздеу-2024» және «Эшелон-2024» деп аталатын үш кезеңнен тұрады, деп хабарлайды Phoenix 24.  

Бұған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері жұмылдырылған. Оқу-жаттығуларға қатысатын ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері Талдықорған қаласынан Жетісу облысының Балықшы қаласына, әрі қарай Ыстықкөл облысына марш жасады.

Оқу маневрлері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күш-құралдарын басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлау жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бұл жоспарға Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы, барлау күш-құралдарымен өтетін «Іздеу-2024», материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлерінің күш-құралдарымен «Эшелон-2024» арнайы оқу-жаттығулары кіреді.

Оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау өңірдегі дағдарыстық жағдайды реттеу мақсатында жедел үйлесімділікті арттыруға және күштер мен құралдарды қолдану мәселелерін пысықтауға бағытталған. Бірыңғай жедел-стратегиялық тұрғыда ұйымдастырылған оқу-жаттығулар 2024 жылғы 11 қыркүйекке дейін жалғаспақ.

By admin