Рейхстагты жеңу туын көтерген Батыр Қошқарбаевтың құрметіне көрме ашылады

Ағымдағы жылдың 17 қазанында сағат 11-де ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Берлинде Рейхстагты жеңу туын көтерген жерлесіміз Рахымжан Қошқарбаевқа арналған «Елвигікті еске алады» көрмесінің ашылуы өтеді. Бұл көрме 21 жасында тарихивиг жасаған батырдың туғанына 100 жыл толуына орайластырылған.

Көрмеде Рахымжан Қошқарбаевтың өміріне байланысты ҚР Мемлекеттік орталық музейінде сақталған марапаттар мен фотоматериалдар ұсынылады.

Белгілі болғандай, Рахымжан Қошқарбаев Қызыл Ту, 1 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1999 жылғы 7 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық Қаһарманы»атағы берілді.

Іс-шараға батырдың қызы Әлия Рахымжанқызы, «офицерлер Одағы» қоғамдық бірлестігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Алматы әскери-техникалық мектебінің, Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің туыстары, курсанттары мен өкілдері қатысады.

 

By admin